From Wikipedia, the free encyclopedia
Кіші Борсық – Солтүстік Арал маңындағы құмды алқап.
Кіші Борсық құмы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 150,170 м |
Ұзындығы | 80 км |
Ені | 10,25 км |
Климаты | |
Қаңтардағы орт. температура | –15°С °C |
Шілдедегі орт. температура | 26°С °C |
Жылдық жауын-шашын деңгейі | 150 мм |
Орналасуы | |
47°25′10″ с. е. 60°48′09″ ш. б.47.41944° с. е. 60.80250° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Орналасуы | Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысы Арал аудандары жерінде. |
Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысының Арал аудандары жерінде.
Кіші Арал теңізінің солтүстігінде 80 км-ге созылған. Ені 10-25 км. Орташа биіктігі 150-170 м, абсолюттік биіктігі 213 м (орта тұсында). Тұран тақтасының синклинальдық иінінде. Әр түрлі бұта және шала бұта басқан құм төбешіктерден, шағыл құмдардан тұрады. Құм шөл белдемінде жатыр.
Құмды алқап бор және палеоген тау жыныстарының жел (эол) әрекетінен үгілу нәтижесінде пайда болған.
Климаты тым континенттік, қысы суық (қаңтардың орташа температурасы –12–15°С), жазы ыстық, құрғақ (шілденің орташа температурасы 25–26°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 мм, көктемнің соңы мен жаздың басында жауын көп жауады. Грунт суы 2-40 м тереңдікте кездеседі, көбінесе тұщы.
Құмайт қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, бетеге, жүзгін, т.б. өседі. Құмда қыстаулар, тұщы құдықтар көптеп кездеседі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.