From Wikipedia, the free encyclopedia
Кішкене сұқсыр (лат. Tachybaptus ruficollis) — Қазақстандағы кішкене сұқсырлар туысының жалғыз өкілі. Басқа сұқсырлардан айырмашылығы дене мөлшері кішкене (200 г шамасында), бүкіл денесі қошқыл реңді, басында әлемденетін қауырсындары жоқ, сондай-ақ ауыз езуінде тері қатпары да болмайды. Солтүстіктен де кездесетіні белгілі болса да, еліміздің барлық оңтүстік жартысында су бетінде қалқыған өсімдіктері бар тоқтау суды суқоймалардың барлығында орын тебеді. Нағыз оңтүстікте жыл бойы кездеседі.
Кішкене сұқсыр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
In breeding plumage
Non-breeding plumage
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Tachybaptus ruficollis (Pallas, 1764) | ||||||||||||||
Breeding Year-round Winter
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Podiceps ruficollis |
Бойын жасырып өмір сүреді, қамыс- қоғалы жерлердің маңында болады, аз- ғана қауіп төнсе, суға сүңгіп кетеді. Су бунақденелілерін, ұлуларды қорек етеді, ұсақ балықтардың азықтық үлесі онша емес. Балапандары ширақ балапандылар типіне жатады, алайда олар ересек құстардан қылығы, белсенділігі, ширақтылығы және елеулігі бойынша соғұрлым ерекше болғандықтан, балапандарды басқа түрге санаған да кездер болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.