![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1c/Cordill%25C3%25A8re_du_Kunlun.jpg/640px-Cordill%25C3%25A8re_du_Kunlun.jpg&w=640&q=50)
Куньлунь
From Wikipedia, the free encyclopedia
Куньлунь — Азиядағы аса ірі тау жүйелерінің бірі, Қытайда.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1c/Cordill%C3%A8re_du_Kunlun.jpg/640px-Cordill%C3%A8re_du_Kunlun.jpg)
Ұзындығы 2700 км-дей. Орташа биіктігі солтүстік жоталарда 6 мың метрдей, оңтүстік бөлігінде 6,5 мың метрге жетеді. Орография, геоморфология жағынан Куньлунь Батыс (кіші) және Шығыс (негізгі) бөліктерден тұрады. Батыс Куньлунь қатар жатқан үш жоталар тізбегінен тұрады, ені 100 км-ден аспайды, бұл тұстағы аса биік жері – Конгур тауы (абс. биіктігі 7579 м). Шығыс Куньлунь, негізінен, Цайдам және Тибет таулы қыраттары аралығындағы тау тізбектерінен тұрады, ені кей жерінде 600 км-ге жетеді. Куньлуньның ең биік шыңы – Арқатаудағы (Пржевальский жотасындағы) Ұлымұзтау тауы (абс. биіктігі 7723 м) – осы бөлігінде. Батыс бөлігі кембрийге дейінгі метафорфтық жыныстардан, төменгі палеозойлық құмтастан, орта палеозойлық терригендік және әктасты-кремнийлі жанартаутектік жыныстардан, шығысы ордовик-силурдың құмтасы мен тақтатасынан түзілген. Климаты тым континенттік. Тау етегінде шілденің орташа температурасы 25°–28°С, қаңтарда –9°С. Жоғарғы белдеулерде шілденің орташа температурасы 10°С-тан аспайды, қыста −35°С-қа дейін төмендейді. Мұзданудың жалпы ауданы 11,6 мың км²-дей. Ірі мұздығы – Юрункаш (ұзындығы 39 км). Қардың төм. шегі 5000-5200 м биіктікте. Етегінде түйесораң, қылша, қарамық, 2500-5000 м биіктікте жусан, сеңгірлек, ортаңғы белдеуде боз, көде шөп, бетеге, одан жоғарыда Тянь-Шань шыршасы өседі. Арқар, тауешкі, құлан, қасқыр, түлкі, аю кездеседі. 3600 м биіктікке дейін шұратты жер өңдеу шаруашылығы дамыған.[1]
Дереккөздер
- «Қазақстан» энциклопедиясы