From Wikipedia, the free encyclopedia
Кузьма Александрович Семенченко (3 шілде 1896, Украина, Чернигов облысы, Ичня ауданы, Мартыновка селосы - 1965, Грузия, Тбилиси қаласы) — 1- және 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, генерал-майор, дивизия командирі.
Кузьма Александрович Семенченко | |||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері |
Мартыновка, Ичня ауданы, Чернигов губерниясы, Ресей империясы | ||||||||||||
Қайтыс болған күні |
5 қыркүйек 1965 (69 жас) | ||||||||||||
Қайтыс болған жері | |||||||||||||
Мемлекет | |||||||||||||
Қызмет еткен жылдары | |||||||||||||
Атағы |
генерал-майор | ||||||||||||
Әскери бөлімі |
11-пехота дивизиясы | ||||||||||||
Басқарды |
дивизия командирі | ||||||||||||
Шайқасы |
Бірінші дүниежүзілік соғыс | ||||||||||||
Марапаттары |
|
Украин. 1909 жылы Павлодар облысы, Успен ауданына қоныс аударған.
1919 жылдан әскери қызметте болып, 1918-20 жылдары Азаматтық, 1941—45 жылдары Ұлы Отан соғыстарына қатысқан. Оңтүстік-Батыс майданында 5-армия 22-механикаландырылған корпус 19-дивизияның командирі Семенченко соғыстың бастапқы кезеңінде Владимир - Волынь тас жолы арқылы Войница, Александрия (Украина, Волынь облысы, Локачи ауданы) аймақтарында күші басым жаумен шайқаса отырып, дивизия бөлімдерін қоршаудан аман-есен алып шықты, әрі жаудың танк легінің ілгері жылжуын бөгеді. Осы ұрыстарда өз дивизиясын шебер басқара білгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Семенченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.7.1941)[1].
1945 жылы Мәскеу Әскери академиясын бітірді. 1947 жылы запасқа шығып, Тбилиси қаласында тұрды.
Павлодар қаласындағы бір көшеге есімі беріліп, Успенка селосында мемориалдық тақта орнатылған.
2 Ленин, Қызыл Ту, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.