From Wikipedia, the free encyclopedia
Кратил (грек. Κρατύλος, ағылш. Cratylus) — Платон жазған диалог. Қазіргі зерттеушілердің көбі бұл диалогты Платон "орта кезеңінде" жазған деп есептейді.[1] Диалогта "атаулар (names) дәстүрлі ме, әлде табиғи ма, яғин, яғни тіл ерікті таңбалар жүйесі ме, әлде сөздердің өзі бейнелеген заттармен ішкі бір байланысы бар ма" деген сұрақты Кратил пен Гермоген Сократқа қояды.
Жеке тұлға ретінде Кратил Платонға алғаш интеллектуалды ықпалы болған.[2] Аристотельдің айтуынша, Кратил Платонға Гераклит ілімін таныстыру арқылы ықпал еткен көрінеді.[3]
Кратил диалогының негізгі тақырыбы - "атаулар дұрыстығы" (περὶ ὀνομάτων ὀρθότητος),[4] басқаша айтқанда ол атаулар туралы сын[5].
Ὄνομα[6] (онома[7][8][9]) ұғымын және оның мағынаға қатысын талқылай отырып, Сократ сөздің алғашқы жасалуын көркемөнерші (artist) жұмысымен салыстырады[10]. Көркемөнерші суреттерінде өз тақырыбының мәнін бейнелеу үшін түрлі реңдерді қолданады. Дәл сол секілді, сөздерді жасаушы сөз субъектінің мәнін бейнелеу үшін мәлім дыбыстардан тұратын әріптерді қолданады. Кей сөздер жұмсақ заттарға, тағы бір сөздер сұйық заттарға сәйкес келеді, және осылай кете береді[11]. Ол айтады:
сөйлеудің ең жақсы тәсілі барлық (немесе көпшілік) аталған нәрселерге ұқсайтын (яғни оларға сәйкес келетін) атаулардан құралған сөздерді қолдану, ал ең жаманы - атауларды керісінше қолдану[12]. |
Гермоген ұстанған қарама-қарсы позиция бойынша, атаулар әдет-ғұрып пен дәстүрге байланысты пайда болады. Олар өз тақырыбының мәнін бейнелемейді, сондықтан оларды қолданатын адамдар немесе қауымдастықтар оны оған қатыссыз нәрселермен алмастыра алады[13]. Бұл деген сөз, яғни "сөздің атауының өзінде еш қатып қалған мағына жоқ, мағына бұл адамдардың дәстүр негізінде қалыптасқан санасындағы нәрсе, сондықтан сөздерді басқа мағынада қолдануға болады, тек осы түрдегі қолданыс дәстүр болып қалған" дегенге жақын келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.