From Wikipedia, the free encyclopedia
Костенко шахтасындағы апат — 2023 жылғы 28 қазанда Қарағанды облысында орналасқан Костенко шахтасында болған жарылыс пен өрт. Болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы орын алған. Апат болған кезде шахтада 252 адам болған, 208 кеншіні құтқарушылар жер бетіне алып шыққан,[6] 46 адам қаза тапты.[7]
Костенко шахтасы жайлы оның даулы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты болғаны[8] және ол жерде 1400-ден астам адам жұмыс істейтіні[3] белгілі.
"АрселорМиттал Теміртау" жұмыс істеген жылдары кәсіпорында қаза болған қызметкерлер саны 160 адамнан асты. Соңғы жылдары металлургия комбинатының кәсіпорындарында Төтенше жағдайлар жылына екі рет жиілікпен жүреген.[9]
Авария болған жыл | Қаза болғандар саны |
---|---|
1995 жыл | 13 |
1998 жыл | 3 |
2004 жыл | 23 |
2006 жыл | 41 |
2008 жыл | 35 |
2021 жыл | 10 |
2022 жыл | 10 |
2023 жыл | 5 |
2023 жыл | 46 |
Костенко шахтасында болған апат — 2023 жылы ArselorMittal иеленген Қарағанды облысындағы шахтада болған жалғыз апат емес. 28 қазанға қараған түнде орын алған апаттан 2.5 ай бұрын, "Қазақстан" шахтасында 5 адамның өмірін қиған апат болған.[6] Ардагер-кеншілер және қарағандылық белсенділердің сөзінше компания шахталардағы қауіпсіздікке ақша бөлмейді және жұмысшыларға жағдай жасамайды.[6]
Үкімет сөзінше компания өндірісті жаңарту және инвестиция тарту мәселесі бойынша алған міндеттемелерін орындамаған. Оған қарамастан ол әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. 19 қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев журналистерге мәселе кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде болып отырған жоқ, оны "елдің инвестициялық климатына ірі соққы болатын еді" деп түсіндірген.[6]
Сағат түнгі 3:30-те Костенко атындағы шахтаның тау-кен шебері газометан лавасындағы өрт туралы хабарлады. Кәсіпорында апатты жою жоспары дереу жасалды, бірақ біраз уақыттан кейін үлкен жарылыс болған. Осы кезде шахтада 252 адам болған, 206 қызметкер өз бетінше жер бетіне көтерілген. 18 адам медициналық көмек көрсетілген. Бастапқыда 4 өлген адамның денесі табылды, кейінірек тағы үшеуін жер үйстіне шығарған.[10]
Түстен кейін, сағат 14:00-де 22 кеншінің денесі табылған. Шамамен 700 метр тереңдікте іздеу жалғасып жатыр Апаттық құтқару жұмыстарына 55 адамнан тұратын кәсіби әскери-құтқару қызметінің 10 бөлімшесі, 12 техникасы жұмылдырылды. Жұмыстар газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ анықталған денелерді көтеру жүргізілетін 2 учаске ауданында жүргізіледі.
"АрселорМиттал Теміртау" барлық кәсіпорындарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды.[10]
Кешке қарай, сағат 16:00-де қаза тапқандар саны 32 адамға дейін өсті.[11]
Кешке Қарағандыда брифинг өткізілді, әлі табылмаған 13 адамның «тірі қалу мүмкіндігі өте аз» деп айтылған және апат себебі деп көмір оятын орыннан өрт шығуы аталды. Қайтыс болған адам санының жоғары болғаны газ-ауа қоспасы жарылғандығымен түсіндірілді, шахтада позициялау жүйесі орнатылмағаны, төтенше жағдай кезінде оның жоғы анықталды.[3] Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Қарағанды филиалы директорының орынбасары Жұмат Өкенов айтуынша «апат болған жерде өрт ауыздықталды [және] қазір шахтада құтқарушылардың жұмысына қауіп жоқ.» және «апат кезінде кеншілердің денелеріне қатты зақым келген, осының салдарынан олардың аты-жөнін анықтау қиынға түсіп жатыр.»[12]
Таңертеңгі ақпарат бойынша құтқарушылар 36 кеншінің денесін тапты, оның 29-ы жер бетіне көтерілді. Тағы 11 адамды іздеу жалғасуда.[13]
Түскі 14:00 бойынша қайтыс болған кеншілер саны 38 адамға жетті. Шахтадан 9 адам іздестірілуде.[14]
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 қаза тапқан адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда. Осы күндері ауруханада болған екі кенші дайындалып жатыр.[15]
Шахтада қалған бір кенші іздестірілуде. 45 кенші табылып жоғарыға шығарылды.[16]
29 қазан күні Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.[17]
«ArcelorMittal Temirtau» компаниясының меншік құқығы Қазақстанға беріледі.[18]
Премьер-министр ресми сайтының мәліметінше зардап шеккен 20 кенші дәл қазір Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада «қажетті ем алуда».[19]
29 қазан күні жарияланған Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше ауруханаға 28 адам жеткізілген, газбен уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған, жағдайы тұрақты реанимация бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр, бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа ауыр, екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр және төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.[20] Сағат 15:21-де жарияланған Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше 42 адамның денесі табылды, 4 адам әлі іздестіріліп жатыр.
Апат нәтижесінде зардап шеккендердің туыстары іздестірудің баяулығына шағымданған, төтенше жағдайлар қызметінің өкілі мұны апаттың ауыр болғанымен, шахтаның кейбір жерлерін су басқанымен және сол себептен іздеу жұмыстарының қиындауымен түсіндірді.[21]
Қазақстан үкіметі әлі күнге дейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі кәсіпорынға 3,3 млрд доллар инвестиция салуға дайын отандық инвестор іздеуде. Үкімет бұл сома үш жыл ішінде салынады деп жоспарлап отыр.[22]
Қаза тапқандардың отбасыларына үш көзден: республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандырудан және өмірді сақтандыру компаниясынан асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы тағайындалады. Төлемдердің жалпы айлық орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін 400–500 мың теңгені құрайды. Егер балалар жоғары оқу орындарында оқитын болса, онда 23 жасқа дейін. Әзірге барлық қаражатты төлеу "АрселорМиттал Теміртау" арқылы қамтамасыз етіледі. Компания ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. Жерлеуге байланысты барлық шығындарды АМТ өз мойнына алады. Балаларды жоғары оқу орындарында оқыту да АМТ-ны өз мойнына алуы керек.[23]
Қазақстанда 29 қазан күні жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.[17] Апат болған күні президент Тоқаев,[3] Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов[6] және премьер-министр Әлихан Смайылов[19] оқиға орын алған жерге барды, президент кеншілердің туыстарымен кездесіп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты және үкіметке "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырды.[3]
Оған қоса Тоқаев «АрселорМиттал» компаниясындағы апатқа кінәлілердің барлығы жауапқа тарту шұғыл тапсырмасын берген, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсететініне уәде берді.[24]
29 қазан күні "АрселорМиттал Теміртаудың" кәсіподақ жетекшісі Евгений Буслаев апат нәтижесінде қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына «ұжымдық келісімшартта көрсетілген барлық көмек пен жеңілдіктер беріледі» деді.[25]
Костенко шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілер отбасына көңіл айтамыз. Осындай қайғылы сәтте біз Қазақстан халқымен біргеміз, - делінген елшіліктің жазбасында.
Шахтадағы өрт фактісі бойынша Қарағанды облысында Бас Прокуратурамен Сотқа дейінгі тергеу басталды, ол Қорғаныс министрлігі 277-бабының 3-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша жүргізілетін болады.[23]
1 қараша күні қайтыс болған 46 кеншінің тізімі жарияланды:[35]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.