Костас Варналис
From Wikipedia, the free encyclopedia
Костас Варналис (гр. Κώστας Βάρναλης; 26 ақпан 1884, Бургас, Болгария — 16 желтоқсан 1974, Афина) —грек жазушысы және қоғам қайраткері. Болгарияда грек етікшісі Яннакос Бубустың отбасында туған. Пловдивта мектеп пен педагогикалық училищені бітірген соң, Афина университетіне философия факультетіне түседі.[1]
1909 жылы бітірген соң гимназияда мұғалім, кейін мектеп директоры болады. 1918 жылы мемлекеттік стипендияны алады да, 1919-1921 жылдарда Парижде болып Сорбоннада филология және эстетика дәрістерін тыңдайды.
Алғашқы кітабы – «Соты» (гр. Κηρήθρες) өлеңдер жинағы 1905 жылы студент болған кезінде жарыққа шығады. 1919-1922 жылдары грек-түрік соғысында гректердің жеңілісі, Ресейдегі көтеріліс оқиғалар және Парижде Ромен Роллан мен АнриБарбюспен танысуы оның көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді.