Корпус
Уикипедия:Айрық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Корпус (лат. corpus – дене, бір тұтас):
- Корпус — кеменің тұлғасы.
- Корпус — бір заттың сыртқы қабы.
- Корпус — бірнеше ұқсас ғимараттың біреуі немесе үлкен ғимараттың бөлек бір үлкен бөлігі, мысалы: университеттің оқу корпусы.
- Корпус — кеглі (өлшемі) 10 пункт типографиялық қаріп.
- Корпус — қандай да бір мәтіндердің толық жинағы; корпустық лингвистиканың зерттеу пәні:
- «Корпус Герметикум» — грек тіліндегі, Гермес Трисмегистке тиесілі трактаттар жинағы.
Ұйымдар мен бірлестіктер:
- Армиялық корпус — басқа құрылымдардан (дивизия, бригада) тұратын ірі әскери құрылым, сонымен қатар әскери түрлерінің бөлімдері мен бөлімшелері.
- Корпус — кейбір мемлекеттердегі жабық әскери оқу орындарының атаулары, мысалы:
- Кадет корпусы — жастарды әскери мансапқа дайындайтын әскери оқу орны.
- Корпус — кейбір мемлекеттердегі қарулы күштер түрінің, әскер және қызмет түрінің атауы, мысалы:
- АҚШ Теңіз жаяу әскерінің корпусы;
- АҚШ Көлік корпусы;
- Ресей империясының Әскери топографтар корпусы.
- Корпус — қандай да бір мамандық немесе ресми статустың жиынтығы, мысалы:
- Дипломатиялық корпус;
- Заң шығарушы корпус.
- Корпус — түрлі ұйымдардың бөлімдері, мысалы:
- Студенттік корпус — мүшілігі өмір бойы жүретін академиялық ұйым.
Тағы қараңыз
![]() |
Бұл — айрық бет. Көп мағыналы термин сұралғанда, оның мағыналарын ажыратып, қолданушыны тиісті мақалаға бағыттау үшін жасалған. Қандай да бір ішкі сілтеме осы бетке бағыттаса, сілтемені өзгертіп, тиісті бетіне тікелей сілтейтін қылып өзгертіңіз. |