Конустылық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Конустылық (Конусность) -
- Конустың екі көлденең қимасындағы диаметрлерінің айырмасы мен осы қималардың арақашықтығының қатынасы;
- Қиық конус табандарындағы шеңберлер диаметрлерінің айырымын оның биіктігіне бөлгенде шығатын шама.
Конустылықты К, қисық конустың үлкен диаметрін D, кіші диаметрін d және биіктігін L әріптерімен белгілесек, мына өрнек шығады:
Конустылықтың сызбадағы таңбасы: Δ - Конустылықтың өлшемі қарапайым бөлшек түрінде белгіден (таңбадан) кейін жазылады. Сызбада конустылық "Δ1:7" сияқты жазумен белгіленеді. Бұл жазу не конустың осьтік сызығының үстіне, не оның осіне параллель болатын шығарма сөреге жазылады. Таңбаның сүйір (кіші) бұрышы конустың төбесіне қарай бағыталады.[1]
- ГОСТ 8593-81 Конустылықтар бар:
1:500, 1:200, 1:100, 1:50, 1:30, 1:20, 1:15, 1:12, 1:10, 1:8, 1:7, 1:6, 1:5, 1:4, 1:3, 30°, 45°, 60°, 75°, 90°, 120°