From Wikipedia, the free encyclopedia
Консалтинг — шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады. Консалтинг қызметі шетелдерде экономиканың жеке саласы ретінде өткен XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты. Бұл жылдарды Батыста "консалтигінің алтын ғасыры" деп атайды, мұның өзі соғыстан кейінгі кезеңде экономиканың жедел даму жолына түсіп, консалтингтік қызмет көрсетулерге деген кажеттілігінің күшеюіне және оның интернационалдануына байланысты туды. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында жалпы саны 500-ден астам консалтингтік фирмалар жұмыс істейді. Олар, көбінесе, кәсіптік сипаттағы консалтингтік қызметтер көрсетеді.
Сыртқы консалтинг — клиенттерге тиісті шарт негізінде қызметтер көрсетуші тәуелсіз консалтингтік фирмалар түріндегі немесе жеке кеңес берушілерден құралған консалтинг ішкі консалтинг - белгілі бір ұйымның құрамында істейтін, ұйымның талдамалы, "штабтық" ішкі жүйесін құрайтын экономика мен басқару жөніндегі мамандар жүргізген консалтинг.
Сараптамалық консалтинг — кеңесші диагностиканы, шешімдер талдамасын және оны енгізу жөніндегі ұсыныстарды дербес жүзеге асыратын консалтинг. Мұнда клиент, негізінен, консалтингнің ақпаратқа қол жеткізіп, нәтижелерді бағалауына мүмкіндік жасайды.
Процестік консалтингте — кеңесші жобаның барлық жасалу кезеңдерінде клиентпен өзара белсенді іс-қимылда болады, оның өз идеяларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтуына кеңесшінің көмегімен проблемаларға талдау жүргізіп, шешімдер өзгертуіне ықыласын оятады. Кеңесші, негізінен, осы сыртқы және ішкі идеяларды жинап қорытады, клиентпен бірлесіп жүргізген жұмыс барысында алынған шешімдерді бағалайды, оларды жүйеге келтіріп, ұсыныстар дайындайды, идеяларды жинаумен, шешімдерді талдаумен айналысып қана қоймай, сонымен бірге осы идеялар мен шешімдердің пайда болуы үшін негіз әзірлеп, клиентке лекциялар, семинарлар, оқу құралдары нысанында тиісті теориялық және практикалық ақпарат береді. Проблемалық — оқыту консалтингтік қызметтерін көрсету — коммерциялық, негізінде кеңестер беру, ұсыныстар айту, клиентпен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында көрсетілетін қызметтер. Проблемалық-кәсіпқойлық консалтингтік қызметтер көрсету белгілі бір ұйымдық-техникалық немесе ақпараттық міндеттерді коммерциялық негізде орындау нысанында көрсетілетін консалтингтік қызметтер болып табылады.[1]
Консалтингілік қызмет көрсету - кәсіпорындар мен ұйымдарға ғылыми-кеңес беру қызметтері, олар ауызша және жазбаша ақыл-кеңестер, әдістемелік ұсыныстар, оқу құралдарын әзірлеу, талдамалы материалдар дайындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, кадрларды оқыту және машықтандырмадан өткізу, т.б. жатады. Мұндай қызметтерді көрсету үшін мамандандырылған консалтингілік фирмалар құрылады.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.