Компьютерлік томография
From Wikipedia, the free encyclopedia
Компьютерлік томография (әдетте КТ деп қысқартылады; бұрын аксиал компьютерлік томография немесе АКТ сканер деп аталған) — дененің егжей-тегжейлі ішкі кескіндерін алуға қолданылатын медицинадағы визуализация әдісі. КТ жүргізетін персоналls рентгенологтар немесе радиология технологтары дейді.[1] [2]
Компьютерлік томография | |
ағылш. Computed tomography scan | |
---|---|
Заманауи КТ сканер (2021), фотон санаушы КТ (Siemens NAEOTOM Alpha) | |
ICD-10-PCS | B?2 |
ICD-9-CM | 88.38 |
MeSH | D014057 |
OPS-301 код | 3–20...3–26 |
Басқа кодтар | 88.38 |
MedlinePlus | 003330 |
өңдеу |
КТ сканерлері дененің ішіндегі әртүрлі тіндердің рентген сәулелерін ұстап қалу деңгейін өлшеу үшін айналмалы рентген түтігін және гентриде орналасқан детекторлар қатарын қолданады. Әртүрлі бұрыштардан алынған бірнеше рентген өлшемдер дененің томографиялық (көлденең кесінді) кескіндерін (виртуал «тілімдер») жасау үшін томографиялық реконструкция алгоритмдерін пайдаланып компьютерде өңделеді. Металл имплант не кардиостимуляторы бар науқастарға магнитті резонанстық томография (МРТ) жасауға болмайтындықтан, КТ ұсынуға болады.
1970 жылдардың өзінде-ақ КТ сканерлер жан-жақты бейнелеу әдісі екені дәлелденді. КТ медициналық диагностикада өте жиі қолданғанымен, оны жансыз нысандардың кескіндерін қалыптастыру үшін де қолдануға болады. 1970 жылы Оңтүстік Африка-Америкалық физик Аллан МакЛеод Кормак пен британ инженер-электрик Годфри Хоунсфилдке «компьютерлік томографияны жасағаны үшін» физиология не медицина саласындағы Нобель сыйлығы берілді. [3]