![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/49/Compy.jpg/640px-Compy.jpg&w=640&q=50)
Компсогнат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Компсогнат — Юра дәуірінің ең шаған динозавры. Ол артқы аяқтарымен жүгіретін жүйрік жануар болған. Тауықтың көлеміндей компсогнаттың құйырығын қоса есептендегі ұзындығы 1 метрге жетпеген. Салмағы бар-жоғы 4 келіден аспайды. Салмағы жеңіл болғандықтан тез жүгірген. Жіңішке мойыны — компсогнаттың ең кішкентай дене бөлігі. Басы, мойыны мен денесінің ұзындықтарын бірге қосса да құйырығының ұзындығы шықпайды. Бассүйегінің қалдықтарымен бірге өткір тістері табылған.
Қызықты дерек
- Компсогнат — аяқтарында үш башпайы бар құс секілді динозавр.
- Компсогнат — ежелгі археоптерикс атты құстың ең жақын туысы.
- 1850 жылдың соңында Оберндорфер деген ғалым Германияның оңтүстігіндегі Риденбург және Кельхайм аймақтарынан компсогнаттың қалдықтарын тапты.
Мәліметтер
Дереккөздер
- Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/49/Compy.jpg/640px-Compy.jpg)