Классицизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – XVII -XIX ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт).