Киікоты (Hypecoum) —

  1. ақшагүл – апиындар (қара: Маковые) тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Киікотының бұрынғы КСРО-да 8 түрі кездеседі. Бұлар — көбінесе шөлейтте өсетін майда өсімдік. Киікотының негізгі түрлері: салалы киікоты (H. pendulum) — біржылдық өсімдік; сабағының ұзындығы— 10—15 см, жапырақтары тырбық өседі; салалы киікотының құрамында наркоздық зат болады, сондықтан да мұны мал жемейді; шашыратқы киікоты (Н. parviflorum) — мұның сабағының ұзындығы 10—20 см, жапырақтары тырбық болады. Шашыратқы киікоты Алтай мен Орта Азияның сарытопырақты және тастақ беткейлерінде, сарытопырақ қайыршақты шөлейт далаларында өседі, малдың барлық түлігі жейді.[1]
  2. көкемарал (Ziziphora) – ерінді гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері ұсақ, қызғылт не айқын қызғылт; қалқанша, шашақ тәрізді гүл шоғын құрады. Еуропада (әсіресе Жерорта т-і маңында) және Батыс Азияда тараған 20-дан астам түрі бар. Қазақстанда 6 түрі өседі. Олардың ішіндегі жиі кездесетіні – иісті Киікоты (Z. Clіnopodіoіdes), аласа тау етегінде, құрғақ шабындықтарда, орман алқабында жарық жерлерде өседі. Тобыл, Есіл, Ертіс маңында, Ақмола, Ақтөбе облысында, Балқаш-Алакөл аймағында, Алтай, Тарбағатай, Жетісу, Іле, Күнгей Алатауларында, Каспий төңірегінде кездеседі. Киікотының құрамында эфир майы, илік заттар мен аскорбин қышқылы болады. Кептірілген гүлі мен жапырағының қайнатылған суы ішек атониясына, қақырық жібітуге, ваннаға қолданылады. Киікоты медицинада адамды арнайы терлететін шай құрамына қосылады. Киікотының жапырағы дәм татымдық зат ретінде арақ-шарап өнеркәсібінде пайдаланылады және тағамға қосылады. Киікоты – балды өсімдік, оны мал жемейді.[2][3]

Дереккөздер

  1. Тараз Энциклопедиясы
  2. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
  3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Сыртқы сілтемелер


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.