Кинкаку-дзи (жапон. 金閣寺 Кинкакудзи?, Алтын павильон) — Киото қаласында орналасқан көне ғибадатхананың бірі. Павильон Кекоти бөгені жағалауында табан тіреген. Ғибадатхананың жан-жағында бау-бақша бар. Оның қасында арнайы шай ішетін шайхана тұр. Мұнда келуші жапон жұртының дәстүр бойынша дайындалатын шайынан ішеді. Онымен қоса бұл мекенге сан ғасырлық тарихы бар ескерткіштер қойылған. Келушілер оған ізгі тілектерін тілеп, садақа тастайды. Алтын павильон үш қабаттан тұрады. Әрқайсысы өзіне тән архитектуралық нақышта салынған.

  • Оның бірінші қабаты ақ түсті ағаш бағанынан тұрады. Ол сарай үлгісі бойынша соғылған. Және де онда кішігірім зал мен Шака мен Есемица мүсіндері қойылған.
  • Екінші қабаты Букке үлгісі бойынша салынған. Онда Каннон Бодхисатты қоршайтын «Төрт көк аспан қорғаушысы» ескеркіші тұр.
  • Үшінші қабат қытай үлгісінде дзен-буддизм ғибадатханасы ретінде тұрғызылып, шатырына алтын феникс орнатылған. Сонымен қатар ғибадатхананың барлық қабырғасының екі жағына алтын жалатылған.
Thumb
Кинкаку-дзи

Галерея

Асикага Ёсимицу
Кекоти көлі
Павильонның қысқы көрінісі
Қытай фениксі

Өзгерістер

Thumb Thumb Thumb Thumb
Алтын павильон (1893)
Алтын павильон (1905)
Алтын павильон (1950)
Алтын павильон (2008)

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.