From Wikipedia, the free encyclopedia
Кепіл, кепілзат – 1) азаматтық құқықта: міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі; несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу құқығы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. кепілді иеленуші тұлға кепіл ұстаушы, кепіл нысанын ұсынушы тұлға – кепілберуші деп аталады. Борышкердің өзі де, үшінші бір тұлға да кепілберуші болуы мүмкін. Мүліктің меншіктенушісі не осы мүлікпен шаруашылық жүргізу құқығына ие болған тұлға оны кепілге беруші бола алады. Бейматериалдық құндылықтарды кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана береді. Кез келген мүлік, соның ішінде айналыстан алынған мүліктен, кепіл берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптардан (мысалы, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптардан) басқа заттар мен бейматериалдық құндылықтар кепілге берілетін зат бола алады. Жылжымайтын мүлік кепілі (жер телімдері, кәсіпорындар, үймереттер, пәтерлер, т.б.) ипотека деп аталады. Егер айналыстағы тауарлар (тауардың босалқы қорлары, шикізат, дүмбілзат, дайын өнім, т.б.) кепілзаты болса, олардың жалпы құны кепіл шартында көрсетілген құнынан азаймайтын болған жағдайда кепіл беруші олардың құрамын, заттай нысанын өзгертуге құқылы; 2) қылмыстық іс жүргізуде: бұлтартпау шарасы, яки алдын ала анықтау ісін жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың, соттың шақыруы бойынша айыпталушының, сезіктінің келуін қамтамасыз ету үшін айыпталушының, сезіктінің не басқа тұлғаның немесе ұйымның сот депозитіне салатын ақшасы немесе құндылығы. Оны тек прокурордың санкциясымен немесе соттың ұйғарымымен ғана қолдануға болады. кепілдің қабылданғаны туралы хаттама жазылып, оның көшірмесі кепіл берушіге тапсырылады. Кепілдің сомасын осы бұлтартпау шарасын таңдаған орган істің мән-жайына (қылмыстың ауырлығына, айыпталушының мүліктік жағдайына, т.б.) қарай айқындайды. Кепіл салынған кезде кепіл беруші (айыпталушының өзі кепіл беруші болмаса) осы шара таңдалған істің мән-жайымен хабардар етілуге тиіс. Айыпталушы, сезікті алдына ала анықтау ісін жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың, соттың шақыруына келмей жалтарған жағдайда салынған кепіл соттың ұйғарымымен мемлекеттің кірісіне айналысқа түседі; 3) мұсылмандық құқықта – өзінің алған қарызын уақытылы төлеп тұратынын растау үшін берешек адамның қарыз берушіге өз қора-қопсысын немесе мал-мүлкінің бір бөлігін белгілі бір мерзімге дейін, яғни алған қарызынан құтылғанша беруі. Кепілге қатысты мынадай талаптар қойылады: екі жақтың өзара келісуі; кепіл жөніндегі келісім жасаушылардың кәмелетке толған және ақыл-есі бүтін болуы; басы азат және өз мүлкіне өзі иелік етуге құқығы бар болуы; кепілге берілетін заттың не мүліктің заңды иесі болуы. Кепілге берілген зат не мүлік қарыз алушыны қарыздан құтқармайды. Өз кезегінде, қарыз алушының келісімінсіз кепілді ұстаушының кепілге берілген затты не мүлікті сатуына рұқсат етілмейді. Тек қарыз алушы қарызын уақытында өтемеген жағдайда ғана кепілге салынған затты не мүлікті сатуға болады. Мұсылмандық құқықта кепіл замана, кафалажәне хауала түрлеріне бөлінеді. Кепіл міндеттемесі куәлардың көзінше ауызекі (кафалада) не куәлардың қатысуынсыз жазбаша (замана мен хауалада) жасалады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.