From Wikipedia, the free encyclopedia
Кенешөп (ағылш. Саnnabis) – тұт тұқымдасына жататын бір жылдық талшықты өсімдіктер туысы. Кенешөптің шыққан жері – Орталық Азия. Оны б.з.б. 1 – мыңжылдықта қолдан өсіре бастаған. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен далалық алқаптар мен оңтүстік облысының таулы аймақтарында өсетін екпе Кенешөп немесе үнді Кенешөпті ( С. sativa) және арамшөп Кенешөпті немесе қарасораң (C. Deralis) бар. Олардың биіктігі 50 – 150 см, сабағы жұмыр, жұмсақ, түкті. Жуандығы 8 – 30 мм. Жапырағы 3 -7 ден бөлінген, қандауыр тәрізді, жиегі араның тісі сияқты иректелген. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, масақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Кенешөптің талшығы мата, кенеп тоқуға, әр түрлі арқан, жіп есуге пайдаланылады. Дәнінен тағамдық, тех. Май алынады, күнжарасы – құнды мал азығы. Кенешөті кейде әсемдік үшінде өсіреді. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін үнді Кенешөпінен ұйықтайтын, тыныштандыратын және спазмаға қарсы қолданатын дәрілік заттар мен ганиш (марихуана) алынады.
Қазақстан табиғаты. Энциклопедия. /Бас ред.Б.Ө.Жақып. 2 том. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, Алматы, 2009 ж.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.