From Wikipedia, the free encyclopedia
Кеме — мұхитта немесе теңізде немесе су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да істерге арналған су көлігі.
Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек көмегімен қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бері ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме: Англияда 1802 ж., АҚШ-та 1807 ж., Ресейде 1810 ж. жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланыла бастады.
Пайдалану мақсатына қарай кеме азаматтық және әскери кеме болып ажыратылады: 1) азаматтық кемелер — көліктік, кәсіптік, арнайы мақсатқа арналған, спорттық кемелер болып бөлінеді. Көліктік кемелер жолаушылар немесе жүк тасуға арналады. Сұйық заттар (мұнай, бензин, спирт, шарап, сұйытылған газдар, т.б.) тасымалдайтын кемелерге (танкерлер) сұйық заттар құбырлар арқылы құйылады.
Қос корпусты (өзара ортақ палубамен біріктірілген параллель корпусты) не қалтқы балансирлі жалғыз корпусты кеме – катамаран деп аталады. Катамаранның жүзгіштігі жоғары және орнықты болып келеді. Оның балық аулауға, жолаушылар және жүк тасуға, спорттық-туристік, т.б. түрлері бар.
Шапшаң жүретін, кішігірім кеме – катер деп аталады. Шапшаң жүретін шағын кеменің бірі – глиссер. Глиссердің тұмсық жағы қозғалыс кезінде су үстінде көтеріліп тұрады да, сырғанап келе жатқан тәрізді көрінеді. Рекордтық глиссерге реактивтік қозғалтқыштар да пайдаланылады.
Траулер – балық аулауға әрі оны бастапқы өңдеуден өткізуге арналған бір палубалы теңіз кемесі.
Әскери кеме (орыс. Военный корабль) — қару-жарақпен жабдықталған, белгілі бір ұрыс міндеттерін орындауға арналған, әскери басшылық кешенін, өзіне берілген өз мемлекетінің әскери-теңіз туын алып жүретін кеме. Әр түрлі ұрыс міндеттерін табысты орындау мақсатында әскери кемеге теңізде жүзу кондырғылары мен қару-жарағына сәйкес соққы бере отырып, оның өзі де қарсыластың соққысына ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол тиісінше төзімді, суға батпайтын қасиетке ие болуы керек. Ұрыс мақсатына қарай әскери кеме бірнеше түрге бөлінеді.[1] Әскери кемелер – кластарына қарай: ракеталы, торпедалы және ракета-торпедалы сүңгуір қайықтар, ұшақтар мен тік ұшақтарды өзінде алып жүретін, десанттық, мина-тральдік, арнайы тапсырма кемелеріне бөлінеді. Қару құрамына және су ығыстырғыштығына байланысты әскери кемелер рангілерге жіктеледі.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.