From Wikipedia, the free encyclopedia
Квокка немесе шолақ құйрық кенгуру (лат. Setonix brachyurus) – Setonix тегі мен кенгуру тұқымдастарының жалғыз түрі.
Квокка | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Setonix brachyurus (Quoy & Gaimard, 1830) | ||||||||||||||||||
Квокка сыртқы бейнесімен кенгуру немесе валлабиге ұқсайды, бірақ оның қысқа құйрығы тіреу мақсатында пайдаланыла алмайды.[2] Оның үлкендігі ірі үй мысығы немесе орташа келген итпен тең. Денесінің ұзындығы – жарты метрдей, құйрығы – 30 см. Салмағы – 2,5-5 кг-ға дейін жетеді. Квокка шөпқоректі және түнгі тұрмыс қалпын сақтайды.
Квокка жыртқыштардың алдында қорғансыз, сондықтан ол Балд, Роттнест, Пингвин аралдарында және түлкілер мен мысықтар жоқ Олбани (батыс Аустралия) аймағының кейбір континенталдық аумақтарында сақталып қалған. Құрғақ шөпті аймақтарды, қалың өскен бұталарды ұнатады, бірақ құрғақшылық кезінде батпақты жерлерде жиі кездеседі.
Шағылыстырудан кейін бір бала, ал егер ол өліп қалса, қайта шағылыстырусыз басқа эмбрион дамиды. Егер, анасының қалтасындағы бала жақсы дамыса, екінші эмбрион анасының ағзасында «ұйықтайды», кейіннен алдындағысы қалтаны босатқаннан кейін, өз уақытында туылады. Табиғатта өмір сүру мерзімі – 10 жыл.
Квокка осал түрлерге жатады. Ауыл шаруашылығының кеңеюіне байланысты, олардың табиғи ортасының тарылуына, соған орай, бұл түрдің санының азаюына әкелді. Мысықтар мен иттердің көптеп таралуы, сондай-ақ батпақтардың кебуі бұл мәселені ауырлатты.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.