Кацура Таро

From Wikipedia, the free encyclopedia

Кацура Таро

Кацура Таро (1847 жыл 28 қараша, Ямагути - 1913 жыл 10 қазан, Токио) - Жапонияның мемлекет қайраткері, генерал.

Өмірі

Thumb
Кацура Таро

Тёсю княздығындағы самурайлар арасынан шыққан. 1868 жылғы төңкеріс кезінде император жағын қолдап, Киотода оның сарайын қорғап, сегунат жақтастарымен бірге Солтүстік Жапонияда соғысты. 1870-1873 жылдары Берлиндегі әскери училищеде оқыды. 1875-1878 жылдары Берлиннің жапон елшілігінде әскери атташе қызметін атқарды.

1894-1895 жылдары Жапон-Қытай соғысында ерекше көзге түсті. 1898-1900 жылдары - әскери министр. 1901-1905, 1912-1913 жылдары - премьер-министр. Ағылшын-жапон одағын ұйымдастырушылардың бірі. Англия мен АҚШ-тың қолдауымен Кацура үкіметі 1904-1905 жылдары Жапонияның Ресейге қарсы соғысын ашты.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.