Катодтық қорғағыш

From Wikipedia, the free encyclopedia

Катодтық қорғағыш

Катодтық қорғағыш — кабельдердің металл қабықтарын тотығудан қорғаудың белгілі бір әдісі.

Анодтармен қорғалған винт
Анодтармен қорғалған винт

Катодтық қорғағыш арқылы кабель қабығында теріс таңбалы потенциал алынады. Ол үшін кабель қабығының жермен салыстырғанда оң потенциал болып тұрған жеріне тұрақты ток көзінің теріс таңбалы полюсін қосады. Сонда кабельдің ток шығатын оң потенциалды қабығы өзгеріп, теріс таңбалы потенциалға айналады. Сөйтіп анодтық аймақ катодтыққа айналады.

Сол себепті қорғаудың мұндай әдісін "катодтық қорғау" деп атайды. Катодтық қорғау үшін тұрақты ток көзі немесе тұрақты ток шығаратын катодтық станция қолданылады. Тұрақты ток беретін құрылғының кернеуі біртіндеп немесе сатылы өзгеретін 10—50 В, ток күші 10—20 А болуы керек. Катодтық құрылғының теріс потенциалы кернеуінің шамасы қорғаушы токтың және кабель қабығы мен жердің арасындағы кедергіге жөне олардың арақашықтығына байланысты болады. Анодтық токтан қорғау үшін кабель магистралінің бойына бір немесе бірнеше катодтық құрылғыларын қоюға болады.

[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.