From Wikipedia, the free encyclopedia
Камптозавр – игуанодонға ұқсас, сүйегі ауыр орнитопод. Тұмсығы – тіссіз, ас шайнайтын жүзге жуық тісі ауыз қуысының түп жағында орналасқан. Орманда тіршілік еткен болуы мүмкін. Екі аяғымен де, төрт аяғымен де қозғалған. Төмен өскен, жатаған шөптерді жұлып жейтін кезде төрт аяғымен жүрген. Артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда ұзындау. Алдыңғы аяқтарында бес саусағы, тырнағы, артқы аяқтарында төрт саусағы және тұяққа ұқсас тырнақтары болған. Қалдықтары Еуропа мен Солтүстік Америкадан табылды. Оны алғаш рет динозаврлар коллекционері Ерл Дуглас АҚШ – тың Юта штатынан тапқан. Қазып алынған динозаврға “камптозавр” атауын 1885 жылы палеонтолог Ч.Марш берген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.