Кальцит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кальцит– карбонаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaCO3, құрамында аздаған Mg, Fe, Mn, Zn, Cо, Sr, Ba қоспалары болады. Тригональдық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары ромбоэдр, скаленоэдр, қалақ пішінді масса құрап, тығыз және түйірлі, талшық, топырақ тәрізді масса және сталактит, сталагмит түрінде кездеседі. Қаттылығы 3, меншікті салмағы 2,8 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; түссіз, ақ және қоспаларына байланысты түсі өзгереді. Кальциттің Исландия шпаты , мәрмәр ониксі, атлас шпаты деген түрлері бар. Кальций гидротермальдық, метасоматикалық, жанартаулық тау жыныстарының қуыстары мен жарықтарында, карбонатиттерде, ультранегізді жыныстардың үгілу қыртысында, әктас, бор, мергель, мәрмәр құрамында кездеседі. Ол флотация әдісімен байытылады. Кальций құрылыста, металлургияда, химия өнеркәсібінде, электртехникада, т.б. салаларда қолданылады. Мәрмәр ониксі әшекейлік бұйымдар жасауда, ақаусыз мөлдір Исландия шпатының кристалдары оптикалық приборларда қолданылады.[1]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/54/Calcite_USA.jpg/220px-Calcite_USA.jpg)