From Wikipedia, the free encyclopedia
Калатея | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Калатея
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Malus domestica |
Калатея– маранттар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Отаны – ылғалды тропикалық Оңтүстік Америка аймақтары. Бойы 70-80 см. Жапырақтары ірі, сопақша келген, ұзындығы 30-40см. Сабағының ұзындығы түрлеріне қарай 20см-ден 60см-ге дейін болады. Жапырағы бірден топырақтан өсіп шығып тұрған сабақ басында орналасады. Калатеяның әдемі жапырақтысының саны, гүлдейтін калатеяларға қарағанда өте көп. Гүлдейтін калатеялардың ішінде шафранды калатеяның гүлі керемет ашық қызғылт сары түсті, бірақ жапырақтары әдемі жапырақты калатеяларға қарағанда әрсіздеу болады. Әдемі жапырақты калатеялардың жапырақтары аты айтып тұрғандай өте әдемі, тауыстың қауырсыны немесе ертегідегі құстың түсі секілді түрлі-түсті болып келеді. Жапырақтары жылтыр, түкті және қағаз сияқтыларыда бар.
Алакөлеңкеде, жарықта өседі. Жарық жетісіспесе жапырақтарының әдемі түстері түссізденіп кетеді. Бірақ тіке түскен күн сәулесінен сақтау қажет.
Жылуды жақсы көреді. Қыста 18-20 °C төмен түспегені абзал.
Көктем-жаз айларында жиірек, қыста топырағын құрғатыңқырап барып суғарып тұру қажет.
Жоғары ылғалдылықты қажет етеді.
Көктем, жаз айларында әдемі жапырақты өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен 14-15 күнде бір рет қоректендіреді. Шафранды калатеяны ғана гүлдейтін өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Азынақ жел өтінен сақтау қажет. Дұрыс баптамаған кезде жапырақтары сарғайып, ширатылып, оратылып, дақтар пайда болып өзгеріске ұшырауы мүмкін. Оның себебі, артық не жеткіліксіз суғарылуы, күннің тік түскен сәулесі күйдіріп жіберуі, ауадағы ылғалдылықтың жетіспеуінен т.с.с.
Ең оңай жолы түбін бөлу арқылы көбейту.
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.