From Wikipedia, the free encyclopedia
Кавендиш лабораториясы – Кембридж университетінің (Ұлыбритания) жанындағы физикалық зерттеулер жүргізетін ғылыми мекеме. Ол 1871 жылы ағылшын физигі және химигі Г.Кавендиштің (1731 – 1810) туысы герцог Девонширскийдің қаражатына ұйымдастырылып, Кавендиштің есімімен аталған. Алғашқыда ол тәжірибе жүргізуші физиктерді дайындау үшін оқу базасы ретінде пайдаланылып, кейінірек (әсіресе, Дж. Дж. Томсон (1856 – 1940) мен Э.Резерфордтың жетекшілік еткен кезінде) ғылым-зерт. жұмыстарын жүргізетін дүние жүзіндегі ең ірі лаб-ға айналды. Лаб-ның жетекшісі ретінде 1871 – 79 жылы ДК. Максвелл, 1879–84 жылы ДжылыУ. Рэлей, 1884 – 1919 жылы Томсон, 1919 – 37 жылы Резерфорд, 1938 – 53 жылы У.Л. Брэгг, 1954 – 71 жылы Н.Ф. Мотт, т.б. қызмет атқарды. Кавендиш лабораториясында әр түрлі кезеңде мынадай мәселелер зерттелді: газдағы электр разряды, ядролық физика, кристаллография, рентген-құрылымдық талдау, молек. биология, радиоастрономия. Сондай-ақ, онда электрон (1897), ядроның жасанды ыдырауы (1919), нейтрон (1932) ашылып, ДНҚ-ның құрылымдық моделі ұсынылды (1953), Вильсон камерасы (1912), масспектрограф (1913), сызықты үдеткіш (1932), т.б. жасалды. Резерфорд, Ч.Т.Р. Вильсон, Дж. С.Э. Таунсенд, О.У. Ричардсон, М.Л.Э. Олифант, Ф.У. Астон, П.М.С. Блэкетт, Дж. Чедвик, Дж. Д. Кокрафт, Дж. Д. Бернал, П.Ланжевен, П.Л. Капица, Ф.Крик, Джылы Уотсон, т.б. аса ірі физиктер осы Кавендиш лабораториясында маманданып шықты.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.