![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fd/Bidens_pilosa_100301-0233_tdp.jpg/640px-Bidens_pilosa_100301-0233_tdp.jpg&w=640&q=50)
Итошаған
From Wikipedia, the free encyclopedia
Итошаған (лат. Bidens) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Итошаған | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() түкті итошаған
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
150-250 түрі белгілі |
Қазақстанда өзен мен көлдердің жағалауында, сондай-ақ, саз, құм топырақты далада және суармалы жерлерде өсетін имек итошаған (B. cernua), үштармақты итошаған (B. trіpartіta), сәулелі итошаған (B. radіata), түкті итошаған (B.pilosa) деген түрлері бар. Бұлардың биіктігі 10 – 60 см. Тік сабағының жоғасыр бөлігі бұтақталып кетеді. Қауырсын тәрізді сүйірленген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көп гүлді себет гүлшоғырының сыртын екі қатар орам жапырақшалары қоршап тұрады. Оның сыртқысы – жасыл, ал ішкі қабаты – жарғақ тәрізді, қара-жасыл жолақты сары түсті болады. Гүлдері қос жынысты, шеткі тілімденген гүлдері – жыныссыз келеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымшажемісінің бүйірі қысыңқы, төрт қырлы, төбесінде 2 – 4 қылтанағы бар. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады.