From Wikipedia, the free encyclopedia
Ислам конгресі - тұңғыш халықаралық мұсылман елдері ұйымы. 1926 жылы Сауд Арабиясы королінің бастамасымен құрылған. Ислам конгресінің 2-сессиясы 1931 жылы өтіп, белсенді саяси іс-қимылдары 1949 жылы Пәкістанның Карачи қаласында өткен 3-сессиясынан кейін басталды. Қазіргі кезде Ислам конгресіне 36 мұсылман мемлекеті мүше. Ұйымды екі жылда бір сайланатын Бас хатшылық басқарады, ал күнделікті қызметті Жоғары мәслихат жүргізеді. Жоғары мәслихаттың сайлауы жыл сайын мұсылмандардың Меккеге қажылық етуі аяқталғаннан кейін өтіп отырады.[1] Ислам конгресінің бірнеше орталықтары бар, оларда ислам тарихы, діни мұра жайлы философиялық зерттеулер жүргізіліп, "Ислам әлемі" журналы, "Ислам дауысы" радиосы, т.б. Ислам діни басылымдары шығарылып, хабарлар таратылып отырады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.