Иса Омарұлы Байтулин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Байтулин Иса Омарұлы(15.1. 1928 жылы туған, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – биолигия ғылылымының докторы (1979), профессор (1980), Қазақстан Ғылым Академиясынының академигі (1989), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982).
Мына мақаланы не бөлімін Иса Омарұлы Байтөлин дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
ҚазМУ-ды (1952, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университетте аспирант, Ботаника бағының меңгерушісі, ассистент, аға оқытушы, биология факультінің деканы және кафедра меңгерушісі (1952–1975) болды. Қазақстан Ғылым Академияның Бас ботаника бағының директоры (1975–1983), Қазақстан Ғылым Академияның Биология бөлімінің академия-хатшысы (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті (1990–1994), Ботаника (1983–1994, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция) институтының директоры қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы институттың құрметті директоры. Дүниежүзілік 16-Ботаника конгрестің құрметті вице-президенті болып сайланған (АҚШ, 1999). 1977 ж. «Экоморфоз корневой системы растений в аридной зоне Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік анатомиясы мен физиологиясына арналған. Байтулин Қазақстанда ризология ғылымының негізін салды. Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарындағы өсімдіктердің тамыр жүйесінің негізгі белгілерін зерттеді. Оның басшылығымен сырттан әкелінген өсімдіктерді Қазақстанда жерсіндірудің жүйелі-экологиялық тәсілі ұсынылды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.[1]