Иприт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иприт — түссіз, сұйық улағыш зат. Бу қалпында қолданғанда адамның тыныс мүшелерін және көзін зақымдайды. Сұйық түрінде ас қорыту мүшелерін улайды. Иприттің әсері бірден байқалмайды, тек біршама уақыт өткеннен кейін белгі береді. Иприт жазда бір тәулікке дейін, ал қыста бірнеше аптаға дейін күшін сақтайды. Иприттен қорғану құралдары: JT-1 жеңіл костюмі, ОП-1 қорғаныш плащы, резеңке сіңірілген қорғаныш костюм, газтұмылдырық және теріні қорғайтын басқа құралдар мен тұмшаланған қорғаныш құралдары. [1]