Инфекциялық анемия — тақ тұяқтыларда кездесетін өте жұқпалы ауру. Қоздырғышы - Equine infectious anemia virus (жылқыларлың инфекциялық анемия вирусы), қысқаша EIAV, сүзілгіш вирус. Инфекциялық анемиямен, көбінесе, жылқы, есек, қашыр, түйе ауырады. Жылқы малында инфекциялық анемия басқаларға қарағанда жиі кездеседі.

Quick Facts Инфекциялық анемия, Вирус таптастыруы ...
Инфекциялық анемия
Thumb
Вирус таптастыруы
Тобы: Group VI (ssRNA-RT)
Сабы: Unassigned
Тұқымдасы: Ретровирустар
Кіші тұқымдасы: Орторетровирустар
Тегі: Лентивирустар
Түрі: Equine infectious anemia virus
Close

Таралу жолдары

Инфекциялық анемия таратуда негізгі рөлді қан сорғыш жәндіктер атқарады. Инфекциялық анемия ауырған мал мен ауырмаған малды шағылыстыру кезінде де таралады.

Вирус ауырған жануардың несебі, нәжісі, ұрығы, сілекейі, көз жасымен шығып, төңірегіне тарайды. Вирус ауырған жылқы қанындағы эритроциттерін бұзады, безгекке ұшыратады.

Ауырған малдың қанында аурудың қоздырғышы өмір бойы сақталады. Қоздырғыш ауру малдың қаны мен түгінде болады.

Емдеу

Ауырған малды емдеудің пайдасы жоқ, себебі денесіндегі қоздырғыш вирус тұрақты сақталып, ауруды тарата береді.

Аурудан сақтану жолдары

Аурудан сақтану жолдары: басқа жерден әкелінген малды 30 күн карантинде ұстау керек. Қан сорғыш жәндіктерді жою шараларын ұйымдастыру қажет. Инфекциялық анемия ауруы шыққан шаруашылыққа басқа жерден мал алып келуге, мал айырбастауға, малды және оның өнімін басқа жаққа шығару тыйым салу керек. Қораларды 2-3%-тік күйдіргіш натрдың ыстық ерітіндісімен немесе 3-5% тік формалин ерітіндісімен залалсыздандырады[1].

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.