Интернет-кафе
From Wikipedia, the free encyclopedia
Интернет-кафе – интернетке шығуды қамтамасыз ететін қоғамдық орын болып табылады. Әдетте интернет-кафелерде тамақ ішіп, кофе татып (немесе басқа көптеген сусындарды) жай әңгімелесуге болады. Кейбір орындарда интернетке шығу тегін жүргізіліп, жай кіру ақысының мөлшеріне қосылады. Интернет-кафе әдетте үйлерінде интернетке тікелей шығу мүмкіншілігі жоқ немесе өзге қалада болып, үйлеріне хат жазғысы келетін адамдарға өте ыңғайлы. Интернет-кафе, кейбіреулердің айтуы бойынша, кофейня кәсібін дамыту мақсатында ашылған орын болып табылады. Кофейнялар әрқашанда ақпаратпен алмасу, газеттер оқу немесе хаттар жазу орны болып табылған.
Бұның бір себебі ретінде Wi-Fi байланыс болып табылады. Елдегі жағдайдың өсуіне қарамастан, тіпті астаналық студенттердің өздері де жеке ноутбук пен ең жақын деген хот-стопқа интернет-кафені таңдайды[1].
Интернет-кафе - бұл жай ғана бизнес емес, ол адамның қажетіліктерінің, технологиялар мен өнерін бір ортақ затқа біріктіретін жер болып табылады. Дәл осы жерде көптеген бөлек қызметтерді бірден пайдалануға болады. Интернет-кафеде жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Интернет-кафеде тек демалу орны емес, интернетке байланысы бар іскерлік мақсаттағы кездесулерді, жай әңгімелесу үшін жиналатын таптырмас орын болып табылады. Зерттеу жүргізе отырып, тек 100% адамның 45%-да үйінде интернетке шығу мүмкіндігі бар екенін анықталды, сондықтан қаншама адамның интернет-кафелерді пайдаланылатынын білу оңай.