From Wikipedia, the free encyclopedia
Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі.
Брифинг сұхбат берушілердің ұсынымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттаушыпар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.