From Wikipedia, the free encyclopedia
Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға сүзгі қолдануға, сонымен қатар, оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар[1]. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фотоқолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 және т.б форматты фото/видео қатынасын қолданады.
Автор |
Кевин Систром, |
---|---|
Жасаушы |
Meta Platforms |
Операциялық жүйелер |
Android, iOS, Windows Phone, Windows 10 Mobile, Windows 10 және Windows 11 |
Интерфейс тілдері |
32 тілі |
Ақпараттық платформа | |
Соңғы нұсқа |
34.0.0.0.44s, 64.0.0.14.96, 219.0.0.1.117, 218.0.0.19.108, 241.1, 241.1.0.18.114, 276.1 және 276.1.0.26.103 |
Лицензия |
proprietary license және freeware |
Қолдаңғы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4.3 пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол сәйкесінше App Store мен Google Play арқылы көпшілікке жүктеледі[2].
Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастады.[3][4]. Желінің қосымшасы Apple компаниясының App Store атты қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанында пайда болды[5].
Қосымша жарыққа шыққаннан біраз уақыт өткеннен кейін командаға Джош Ридель қосылды. Сол жылдың қарашасында Шейн Суини инженер ретінде, 2011 жылдың тамыз айында Джессика Золлман ИТ евангелист ретінде қосылды.[6][7][8].
2011 жылдың қаңтарында қосымшада суреттерді және қолданушыларды іздеуді жеңілдету үшін хештег қосылды[9].
2011 жылдың cәуір айында қосымшаның 2.0 нұсқасы шықты[10]. Ал 2012 жылдың сәуірінде қосымшаның Android платформасына арналған нұсқасы шықты және ол нұсқа бір тәуліктің ішінде миллионнан астам адам жүктед[11].
2012 жылдың 9 сәуірінде Facebook Instagram-ды 1 миллиард АҚШ долларына сатып алғанын жариялады. Сол жылдың 25 маусымында қосымша 2.5.0 нұсқасына жаңартылды.[12].
2012 жылдың тамыз айында Instagram да бір секундта 575 Like басылып, 81 комментарий жазылды. Instagram-да қолданушылар айына орта есеппен 257 минут отырған[13].
2013 жылдың сәуір айында Instagram қолданушыларға фотода өздерін, достарын белгілеуге, фото түсірілген жерлерді белгілеуге мүмкіндік беретін функцияны қосқандарын жариялады[14].
2013 жылдың маусымында Instagram-да 15 секундтық видео қою мүмкіндігі пайда болды.
2013 жылды 21 қарашада желінің Windows Phone 8-ге арналған нұсқасы шықты.
2015 жылдың наурызында брендтерге өздерінің фотогалереясын ашуға болатыны мәлім болды[15].
2015 жылдың шілде айында Instagram-да 1080x1080 пиксельдік фотосуреттер қою мүмкіншілігі пайда болды[16].
2015 жылдың 30 қыркүйегінде Instagram-да 30 секундтық жарнамалық видеолар пайда болды[17].
2020 жылы Instagram әлеуметтік желісіне 10 жыл болды. Соған байланысты қазан айында қолданушылар бұл желінің иконкасын ауыстыра алды.
2010 жылы Instagram-ның 1 миллион қолданушысы болса, бұл көрсеткіш 2011 жылдың маусымында 5 миллион болды[18]. Ал 2014 жылы наурыз айының соңында қолданушылар саны 200 миллионға жетті[19]. 2011 жылдың шілдесінде Instagram-да жүктелген фотосуреттер саны 100 миллион болды[20], ал 2013 жылы қарашада желідегі фотосуреттер саны 16 миллиардқа жетті[21].
2011 жылдың қаңтарда Instagram 2010 TechCrunch Crunchies конкурсында «Ең үздік мобильді қосымша» номинациясында екінші орын алды[22].
2011 жылдың мамыр айында Fast Company журналы жасаған «бизнестегі ең жасампаз 100 адам» тізімінің 66-орнына Instagram-ның бас директоры Кевин Систром қойылды[23].
2011 жылы қыркүйекте SF Weekly Web Awards конкурсында Instagram «Ең үздік жергілікті қосымша» номинациясын жеңіп алды[24].
2011 жылдың желтоқсан айында Apple Instagram-ды «iPhone-ға арналған жыл қосымшасы» деп таныды[25].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.