![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5b/Cole_Thomas_The_Course_of_Empire_The_Savage_State_1836.jpg/640px-Cole_Thomas_The_Course_of_Empire_The_Savage_State_1836.jpg&w=640&q=50)
Империяның бағдары
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Империяның бағдары» (ағылш. The Course of Empire) — америкалық кескіндемеші Томас Коулдың бес суреттен тұратын топтамасы. Әлдебір қоғамның жабайы қалпын, пастораль кезеңін, империялық өркендеуін, құлауын және ыдырауын бейнелейтін суреттер 1833—1836 жылдары салынды.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/cd/The_Course_of_Empire_Installation_Diagram.jpg/640px-The_Course_of_Empire_Installation_Diagram.jpg)
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
1858 жылы топтаманы Нью-Йорктық тарихи қауымдастық Нью-Йорктық галерея пайдасына сатып алған болатын. Бүгінгі күндері топтама Смитсондық Америка өнері мұражайында сақтаулы тұр.
Коулға осы топтаманы салуға Байронның «Чайльд-Гарольдтың сапары» атты поэмасы әсер етті. Суретші поэманың IV бөліміндегі келесі жолдарды жиі келтіріп тұратын:
Тарих берер сабақ келесідей:
Оқиға күні өзгерсе де, мәні бірдей.
Еркіндік пен абыройдан көп кешікпей
Байлық, салтанат, азғындық келіп,Соңында анайылыққа жол береді…