From Wikipedia, the free encyclopedia
Иманғазинов Баймұхан (1902 жыл - 1 қаңтар 1995 жыл)— Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, пулеметші жауынгер, I топтағы Ұлы Отан соғысының мүгедегі, кенші-металлург[1].
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2022-11-15, 09:25 кезінде (17 ай бұрын) InternetArchiveBot (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (маусым 2021) |
Иманғазинов Баймұхан | |
Туған жері | |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Төртқұдық ауылы, Екібастұз ауданы, Павлодар облысы, Қазақстан |
Мемлекет | |
Әскер түрі |
жаяу әскер |
Атағы | |
Әскери бөлімі |
81 дивизия |
Басқарды |
568-ші атқыштар полктері құрамындағы пулеметтік бөлімше командирі |
Шайқасы | |
Марапаттары | | | ||| "III дәрежелі Даңқ ордені" | "Берлин алғаны үшін медаль" | "Праганы босату үшін медаль" |
Иманғазинов Баймұхан Павлодар облысы Баянауыл ауданының Әскери Комиссариатының шақыртуымен 1942 жылдың тамыз айында майданға аттанған. Майдан жолдары Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарының бірі, әйгілі де, күрделі Орёл-Курск доғасынан бастау алады. Басында 44-ші Батыс атқыштар полкында пулеметші болса, кейінірек 81 дивизияның 410-шы және 568-ші полктерінің сапында пулеметшілер бөлімшесінің командирі ретінде жалғастырып, Белоруссия, Польша мен Чехословакия жерлерінде өз әскери жолын аяқтаған. Тіпті Берлин бағытындағы шайқастарға да қатысқан. Майдан даласында 1943 жылы Совет Одағының коммунистік партиясының қатарына қосылған.
Оның майдан шебіндегі ерлігі Ресейдің "Подвиг народа" атты ғаламтор парақшасында жазылған мына бір деректе былай деп көрсетіледі: " 1944 жылдың 8-ші қаңтарында Полесск облысының Буда селосы үшін күресте пулеметпен 23 фашист солдаттары мен 1 фашист офицерінің көздерін жойған. Бас сүйегінен жарақат алса да, шайқастан шығудан бас тартып, тек 1944 жылыдың 9-шы қаңтарында аяғы мен қолы жарақатталғаннан кейін ғана санитарлық ротаға жіберілді".
Соғыстың соңғы күндерінде Чехословакияның астанасы Прага қаласын жаудан азат ету операциясында болады. Бұл операция 1945 жылы 9 мамырында аяқталған.
Зейнеткерлікке шыққанша Павлодар облысы Баянауыл ауданы "Майқайыналтын" комбинатының Төртқұдық кенбайыту фабрикасында шебер-металлург[4] болып істеген. Денсаулығына байланысты I топтағы Ұлы Отан соғысының мүгедегі болса да, өз елінің тұрмыс тіршілігіне, болашақ ұрпақ тәрбиесіне белсене ат салысты.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.