From Wikipedia, the free encyclopedia
Илья Николаевич Березин (1818-1896) - орыс ғалымы, шығыс зерттеуші, профессор.
Петербург университетінің профессоры. Ол «Шығыс тарихшыларының кітапханасы» атты жинақ шығарып, оған Рашид ад-Дин, Мұхаммед Шайбани, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы еңбектерінің орыс тіліндегі аудармасын енгізген. «Шығыс елдеріне саяхат» деген еңбегі, «Орысша энциклопедиялық сездігі» жарық көрген. Ғалым Алтын Орда тарихымен айналысып, Жошы ұлысы хандарының жарлықтарын зерттеген. Князь В. А. Кудашев кешіріп алған Абай қолжазбасы осы кісі арқылы Петербургтағы Орыс географиялық қоғамына келіп түскен. Ол өлеңдер авторы Абай екенін біле қоймаса да оларды жоғары бағалап, «Географиялық қоғам жазбалары» журналында бастыру мақсатымен атақты ғалымдар П. П. Семенов-Тян-Шанский мен П. М. Мелиоранскийді таныстырған. Березиннің қолында бұл қолжазбамен қатар Абайдың кадет корпусыңда оқитын інісі Халиуллаға жазған хаты, әкесі Құнанбайдың атынан жазған хаттары және ақын ауылының молдасы Ғабитханның хаттары да болған. Бүл аса құнды құжаттар қазір С.-Петербургтегі Күншығыс халықтарын зерттейтін ин-ттың кітапханасында Сақтаулы.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.