Илья Ефимович Репин
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Репин Илья Ефимович укр: Ілля́ Юхи́мович Рє́пін (5.8.1844, Украина, Харьков облысы — 29.9.1930, Ресей, Ленинград облысы Репино) — Ресей суретшісі, ұлттық реалистік кескіндеме өнерінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Санкт-Петербург көркемсурет академиясының толық мүшесі (1893).
Санкт-Петербургтің Суретшілерді ынталандыру сурет мектебінде, Санкт-Петербургтегі Көркемсурет академиясында (1864 — 71), Италия мен Францияда оқыды. 1878 жылдан Көшпелі көркемсурет көрмесі серіктестігінің мүшесі. Шәкірттік шағында И.Н. Крамскойдың, В.В. Стасовтың, т.б. шығарм. ықпалында болды. 1860 жылдан портрет және жанрлық картиналар салумен шұғылданды. Осы кезеңдегі В.Е. Репин (1867, Мәскеудегі Третьяков галереясы), Р.Д. Хлобощин (1868), В.А. Шевцова (1869, екеуі де Санкт-Санкт-Петербургтегі Орыс мұражайында) портреттері мен “Славян композиторлары” (1871 — 72, Мәскеу консерваториясы) атты топтама портреттерінде суретші адам мінезі мен психологиясын ашуда елеулі жетістіктерге жетті.
Репин орыс кескіндемесіне жаңа бетбұрыс әкелген
Мұнымен бірге Р. график. суреттер (“Ада”, 1882, Мәскеудегі Третьяков галереясы; “Нева даңғылы”, 1887, Санкт-Санкт-Петербургтегі Орыс мұражайы), ғажайып портреттер галереясын (В.В. Стасов, 1873; А.Ф. Писемский, 1880; М.П. Мусоргский, 1881; П.А. Стрепетова, 1882; Л.Н. Толстой, 1887; бәрі де Мәскеудегі Третьяков галереясында) жасады. Ол — “Иван Грозный мен оның ұлы Иван” (1885, Мәскеудегі Третьяков галереясы), “Запорождықтар түрік сұлтанына хат жазып жатыр” (1878 — 91, Санкт-Санкт-Петербургтегі Орыс мұражайы) атты үздік тарихи кескіндемелік шығармалардың авторы. Өз заманының озық идеяларымен тығыз байланысты әрі терең халықтық мазмұнға толы Репин шығарм. орыс демокр. өнерінің шыңы саналады. Оның есімі әдебиетші әрі өнер теоретигі ретінде де белгілі. 1894 — 1907 ж. Санкт-Петербургтегі Көркемсурет академиясында (1898 — 99 ж. ректоры болды) сабақ берді; шәкірттері қатарында — И.И. Бродский, Б.М. Кустодиев, Д.Н. Кардовский, И.Э. Грабарь, Н.С. Куликов, т.б. 1940 ж. ол тұрған Куоккаладағы (қазіргі Репино) мекенжайда мемориалдық мұражай ашылды, соғыс жылдары өртенгенімен, 1958 ж. қайта қалпына келтірілді. [1][2][3][4][5][6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.