From Wikipedia, the free encyclopedia
Галузо Илларион Григорьевич (8.4.1899, Ресей, Витебск облысы Даргейка ауылы – 10.10.1977, Алматы қаласы) – биология ғылым доктыры (1946ж.), профессор (1949ж.), Қазақстан Ғылыми Академиясының акад. (1946ж.), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1946). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) малдәрігерлік институтын бітірген (1926)ж..
Дүниеге келгені: |
1899 ж. сәуірдің 8 Ресей, Витебск облысы Даргейка дер. |
---|---|
Қайтыс болғаны: |
1977 ж. қазанның 10 (78 жаста) Алматы қ. |
1946 жылдан КСРО Ғылыми Академиясының Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Ғылыми Академиясы Төралқасының акад.-хатшысы (1946–1951ж.) болды. 1946–1977 ж. Қазақстан Ғылыми Академиясының Зоология инситутында лаборатория меңгерушісі, директор (1951–1967ж.) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері қансорғыш және қотыр кенелер (КСРО Мемлекеттік сыйлық, 1951ж.) мен кейбір қарапайым жәндіктер (тейлерия, токсоплазма, кокцидия, трипанозома) фаунасына, экологиясына және биологиясына арналған.
Григорьевич жануарлардың жұқпалы аурулары жөніндегі Е.Н.Павловский ілімін одан әрі дамытып, мал ауруларының табиғи ошақтылығы жөнінде теория тұжырым жасады, тейлериоз, безноитиоз ауруларының қоздырғыштарының тіршілігін, табиғаттағы айналым жолдарын, айналаға таралуын зерттеді; токсоплазмозды анықтау, одан сақтану әдістерін тапты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.