Иконников жарқанаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иконников жарқанаты (лат. Myotis ikonnikovi) – қолқанаттылар отряды, жалтыртұмсықтылар тұқымдасына жататын жарқанат.
Quick Facts Иконников жарқанаты, Амандық күйі ...
Иконников жарқанаты | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Myotis ikonnikovi (Ognev, 1912) |
Close
Негізінен тайганың таулы жерлерінде, үлкенді-кішілі тайга өзендерінің жайылымдарында, қыстау кезінде сирек табиғи үңгірлерде кездестіруге болады. Қазақстанда Бұқтырма өзенінің (Алтайда) алабынан ғана табылған. Тіршілігі өте аз зерттелген. Бұлар аздаған шоғыр құрып немесе жеке-жеке тіршілік етеді. Қорегін аулауға қараңғы түнде шығады. Өте баяу, әлсіз ұшады. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Түнде белсенді. Иконников жарқанатының саны өте аз. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, Марқакөл мемлекеттік қорығында қорғалады.