Израиль қалалары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Израиль мемлекетінде 7 әкімшілік округтарға біріккен 75 қала бар. Израильде қаланың халық тығыздығы өте жоғары, қалаларда халықтың 90% өмір сүреді. Қаланың статусының халық санын айғақтауы міндетті емес, әйтсе де, статус халық саны 20 000 адамнан жоғары елді мекендерге беріледі.
Израильде нақты екі қалалық агломерацияларды ажыратуға болады:
- Гуш-Дан, мемлекет халқының үштен бір бөлігі жасайды.
- Хайфа және Крайот, мемлекет халқының 7 % шоғырланған.
Мәліметтер 2010 жылдың маусым айы жағдайы бойынша түзілген, ақпараттар Израильдің Орталық статистикалық бюросының есептемесінен алынған.