From Wikipedia, the free encyclopedia
Изен (Kochia) – алабұталар тұқымдасынажататын бір немесе көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы.
Сабағының биіктігі 10 – 100 см, гүлдері гүлжапырақсыз, қос жынысты, 5 мүшелі, 2 – 4-тен топталып жапырақ қолтығына орналасқан, кейде жеке жапырақты, масақты гүлшоғын құрайды. Аталығы – бесеу. Қазақстанда кең тараған түрі: жатаған Изен (K. prostrata) және сыпыртқы Изен (K. scoparia). Бұлар қуаңшылыққа төзімді, биіктігі 10 – 75 см, сабағы қара қоңыр қабықты бұташықтар. Тамыры жусан, діңгекті келеді. Сабақтары көп, қалың жапырағының сыртын түк басқан. Солғын жасыл, жіңішке гүлі қос жынысты болады. Тамыз – қыркүйекте гүлдеп, қазан айында жемістенеді. Тұқымы – сопақша дән. Изен бағалы жайылымдық, кейде шалғындық жоғары өнімді өсімдік. 1 га-дан 6,2 – 9,8 ц пішен түседі.[1]
Изен – тамыры мықты жетілген, көп жылдық, жабайы бұршақша тәріздес, алабота тұқымына жататын өсімдік. Ол құрғақшылыққа және сортаң жерге өте төзімді келеді оның сабағы қызғылт түсті, жапырақтары өте ұсақ, гүлі реңсіз болады.
Жер шарына кең тараған Солтүстік Америкада, Еуропа, Азия және Австралияда кездесетін 80-ге жуық түрінің Қазақстанда 9 түрі кездеседі. Сор, сортаң, тасты, құмды дала мен шөлдерде өседі. Бұл өсімдік республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында өседі. Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының құмды жерлерінде жиі кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жаз, күз кезінде сабақтары орылып алынады. Орылған шөп көлеңкеде кептіріліп, құрғақ жерде сақталады.
Гүлдеген кезде құрамында 8,4 – 17,3% протеин, 24,2 – 37,9% жасұнық, 3,5 – 4,3% май болады. Жемісі мен тұқымында 34,9% протеин, 8,2% май, 16,3% жасұнық бар. Изеннің жапырағы мен сабағында нәруіз, көмірсулар, минералды және дәреумен заттар, май бар.
Изеннің кейбір түрлері (K. prostrata) әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Жас өскіні тағамға, емге, сыпырғыш жасауға пайдаланылады.
Мал дәрігерлігі практикасында асқазан – ішек органдарының жұмысын жақсартады, малдың азыққа деген тәбетін арттырады. Оның құрамындағы белоктың мөлшері күз, қыс айларында жаздағымен салыстырғанда көп болады. Изен шөбі қыс айларында қойға, жылқыға таптырмайтын азық. Сондықтан туралған изен шөбі көктем кезінде арықтаған, әлсіреген саулықтарға жемге араластырылып беріледі. Оны жеген қойдың асқорытуы жақсарып, тез оңалады. Изен шөбінен тұнба және қайнатпа жасап әлсіз, арықтаған бұзауларға, қозыларға ішкізуге болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.