Иван Иванович Лепехин (1740 жыл 10 қыркүйек - 1802 жыл 6 сәуір) - орыс ғалымы, табиғаттанушы, саяхатшы, Ресей ғылым академиясының толық мүшесі.

Еңбек жолы

Иван Лепехин

Жоғарғы білімді Батыс Еуропада, Страсбургте алған. П.С.Палласпен бірге Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігіне, қазіргі Батыс Қазақстан аймағына - Жайық өңіріне саяхат жасады. Ботаникалық және нумизматикалық бағалы коллекция жинады. 1769 жылы Жайық қалашығында болып, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан бірқатар форпостарды аралады. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап, пайдалы қазбалар өндірісі жөнінде болжам жасады, жергілікті тұрғындар этнологиясы, т.б. туралы мәліметтер жинақтады. Кейіннен императорлық ботаника бағының директоры, шипалы шөптермен емдеу (фитотерапия) және ветеринария мен жібек өндірісінің білікті маманы. Оның еңбектері неміс тіліне аударылған.[1]

Дереккөздер

  1. Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.