From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Infobox Imams Шииттердің 5-имамы,Мұхаммед әл-Бәкірдің (732 ж.ө.) бауыры,Исламдағы шииттік ағымның негізгі тармақтарының бірі - зайдшілдер көсемі.Пайғамбар отбасының ұрпағы ретінде халифатты басқарудан үміттенген ол 739 ж.Омейя әулеті билігіне қарсы шыққан Куфа қаласындағы көтерілісті басқарды.Мұхаммед әл-Бәкірдің марғаулығына көңілі толмаған шииттер 3аин бин Әлиді имам деп танып, оның төңірегіне топтасты. Алайда, он айдан кейін көтеріліс күшпен басылды. 3аин бин Әлидің өзі 740 ж. қаңтарда болған ұрыста қаза тапты. 3аин бин Әли Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың қызы Фатима мен күйеу баласы Әли әулетінен тараған "кез келген адам имам бола алады" - деп есептеді. Ол халифатқа билік жүргізудің ең шешуші шартты - биліктен "үміткердің қолына қару алып күресуі" депесептеді. Мутазилашылар мектебін құрушылардың бірі - Уәсил бин Атаның(748 ж.ө.) шәкірті болған 3аин бин Әли мутазилашылар ілімінде «аса қадірлі адам» делініп, оның «өзгелерден артық» имам екендігі туралы қағида айтылады.Оның әл-кадар жөніндегі түсінігі, ой топшылауы мутазилашылардан көп алшақтаған жоқ. Мұның өзі 3аин бин Әлиді жазушылардың арасында мутазилашылдық көзқарастың тарауына әсер етті.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.