From Wikipedia, the free encyclopedia
Зорлық, құқықта – бір адамның екінші бір адамға оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы.
Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету; ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, түрлі тәсілдермен азаптап-қинау, т.б. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, өлтіремін деп қоқан-лоққы жасау жолымен адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе, тіпті, жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Зорлық мән-жайға (қылмыс айрықша қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қорлап азаптаумен жасалғанда), қылмыстың жасалу тәсіліне (мысалы, кісі өлтіру, әуе кемесін айдап әкету) не қылмыс құрамын айқындаушы белгіге (мысалы, зорлау кезінде) қарай жауаптылықты ауырлатуы мүмкін. Зорлықпен жасалған қылмыстар қоғамдық қауіпті сипатта болады. Аса қатыгездікпен, қорлаумен, жәбірленушіні қинап, азаптаумен, зорлаумен жасалған қылмыстар, сондай-ақ, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданып жасалған қылмыстар “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің” тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.