![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/28/AK230_Fala.jpg/640px-AK230_Fala.jpg&w=640&q=50)
Зениттік артиллериялық кешен
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зениттік артиллериялық кешен[1] (ЗАК)— артиллериялық ату аркылы әуе нысаналарын жою үшін қолданылатын зениттік зеңбірек (бір немесе бірнеше) пен әр түрлі техникалық құралдардың жиынтығы. Зениттік артиллериялық кешеннің негізгі элементтері: оқ-дәрілері бар зениттік зеңбіректер, зеңбіректік көздеу станциясы, артиллериялық зениттік атуды басқару құралы немесе есептеу құрылгысы; қашықтық өлшеуіш, синхронды беру және іздеу жүйесі, электр агрегаттары. Қазіргі заманғы зениттік артиллериялық кешеннің элементтері бір базада (өздігінен жүретін зениттік қондырғы), сондай-ақ жекелей орналасады. Жекелей орналасқан жағдайда зеңбіректік көздеу станциясы, артиллернялық зениттік атуды басқару құралы және жабдықтау агрегаттары жеке қолікте орналасады, сондай-ақ барлығы бірге радио құралдар кешенін құрайды.