![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/cf/52k_nn.jpg/640px-52k_nn.jpg&w=640&q=50)
Зениттік артиллерия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зениттік артиллерия[1] – әуе нысаналарын жоюға арналған артиллерия. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің, Құрлықтағы әскерлердің және Әскери-теңіз әскерлерінің (Әскери-теңіз күштерінің) қару-жарақтары құрамына кіреді. Зениттік артиллерия қозғалу мүмкіндігіне қарай тіркелмелі, өздігінен жүретін, тұрғылықты, ал калибрі бойынша кіші калибрлі (20 – 60 мм), орта калибрлі (60 – 100 мм) және үлкен калибрлі (100 мм-ден жоғары) болып бөлінеді. Оның қосалқы жабдықтарына, сондай-ақ, зениттік-артиллерия аспаптар да жатады. Зениттік артиллерияның ең көп тараған үлгілері – калибрі 57, 100, 130 мм болатын зениттік зеңбіректер. Зениттік артиллерияны жер үстіндегі (су бетіндегі) нысаналарды ату үшін де қолдануға болады. Бір немесе бірнеше зеңбірек пен әр түрлі техикалық құралдар жиынтығын – зениттік артиллериялық кешен деп атайды. Ол зениттік зеңбіректер, көздеу атуды басқару құралы немесе есептеу құрылғысы, қашықтық өлшеуіш, синхронды хабарлау және іздеу жүйесі, электр агрегаттары, құрамдас бөліктерден тұрады.