From Wikipedia, the free encyclopedia
Зайнаддин Махмуд Васифи кейде Восифи (тәж. Зайниддин Маҳмуди Восифӣ; 1485, Герат — 1551 немесе 1566, Ташкент) — парсы тілінде жазған тәжік жасушысы.
Самарқан, Бұхара, Ташкент қалаларында тұрды. "Таңғаларлық оқиғалар" атты естелігінде Шайбани әулетінің билігі кезіндегі ауыр тұрмысты әжуалайды. С.Айни Васифидің естелігін жоғарғы бағалап, оның өмірі мен шығармасы туралы кітап жазды, естелікті өңдеп бастырды. А.Н.Болдырев естеліктің сын мәтіндерін даярлап бастырды; кейбір үзінділерін орыс тіліне аударып жариялады.[1]
Зайн Әд-Дин Васифи, Зайн әд-Дин Махмұд ибн Абд әл-Жалил Васифи (1485, Герат – 1551/56, Ташкент) – өз еңбектерін парсы тілінде жазған жылнамашы. Әмір Темір, Шайбани әулеттері сарайында әр түрлі қызметтер (тәрбиеші, мешіт имамы, сарай жылнамашысы) атқарған. Самарқанда, Бұхарада, Ташкентте, Шахрухияда тұрған. Зайн Әд-Дин Васифи-дің “Бадай әл-уақай” (“Таңғажайып оқиғалар”) аталатын естелігінде Иран, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөнінде құнды мағлұматтар қамтылған. Еңбекте Әмір Темір әулеті билеушілері, Шайбани әулеті мен Сефеви әулеті арасындағы қарым-қатынас жөнінде мәліметтер берілген. “Бадай әл-уақай” – ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып табылды. Естеліктің сын мәтіндерін А.Н. Болдырев даярлап, жарыққа шығарды.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.