Жұлдыз атмосферасы — жұлдыздың сыртқы қабаты. Ол өзі бірнеше деңгейден тұрады.
Фотосфера — жұлдыз атмосферасының төменгі қабаты, көрінетін жарық осы деңгейден шығарылады, сондай-ақ мұнда дақтар түзіледі. Фотосфераның температурасы 5770-5780 K аралығында болады.[1]
Одан жоғары хромосфера қабаты орналасады, оның температурасы 10 есе артық болады. Мысал үшін, Күнде хромосфераның қалыңдығы 10 000 шақырым құрайды.
Одан кейін қалыңдығы небәрі 100 шақырым болатын аралық қабат орналасады, онда температура күрт өсе бастайды.[2]
Қатты қызған плазмадан құралған тәж — ең ыстық қабат, оның температурасы бірнеше миллион К құрайды. Тәж негізгі тізбек жұлдыздарының бәрінде бар, бірақ алып және аса алып жұлдыздарда анда-санда ғана кездеседі.