Жүріс (Ход) — механизмнің немесе машинаның белгілі бір операцияны жүзеге асыру мақсатында атқаратын қозғалысы.[1][2]
- Бос жүріс (Ход холостой) -
- механизмнің немесе машинаның пайдалы жұмыс атқармайтын қозға жыллысы;
- механизм немесе машинаның қозғалысындағы бос жүріс.
- Жұмыс жүрісі (Ход рабочий) —
дайындаманың пішінін, өлшемдерін, бетінің кедір-бүдырын немесе қасиеттерін өзгертетін және құралдың дайындамаға қатысты бір рет орын ауыстыруынан тұратын технологиялық әрекеттің аяқталған бөлігі;технологиялық әрекеттердің аяқталған бөлігі. Жұмысшы жүрістің орындалуы қажетті дайындаманың қасиетіне, бетінің кедір бұдырлығына, өлшемдеріне, түріне қатысты. Жұмысшы жүрісте дайындамаға қатысты құралда бірге жүреді;баспақтың немесе тоқпақтың дайындаманы деформациялағанда істейтін жүрісі.
- Пайдалы жұмыс жүрісі - механизмнің немесе машинаның пайдалы жұмыс атқарып тұрғандағы қозғалысына не жұмысына сай келетін жүрісі.
- Педальдің жұмыс жүрісі - саңылау таусылған соң қосуға немесе айыруға қажетті педаль жүрісі.
- Қосалқы жүріс (Ход вспомогательный) —
- дайындаманың пішінін, өлшемдерін, бетінің кедір-бұдырын немесе қасиеттерін өзгертпейтін, бірақ жұмыс жүрісін орындауға қажетті және құралдың дайындамаға қатысты бір рет орын ауыстыруынан тұратын технологиялық өрекеттің аяқталған бөлігі (мысалы, құралды дайындамаға келтіру);
- технологиялық әрекеттердің аяқталған бөлігі. Қосалқы жүрістің орындалуы қажетті дайындаманың қасиетіне, бетінің кедір-бұдырлығына, өлшемдеріне, түріне қатысты емес. Қосалқы жүрісте дайындамаға қатысты құралда бірге жүреді.
- Педаль жүрісі - тежеуіштің, тіркестің педалінің бастапқы және соңғы орындарының арасындағы қашықтыққа сәйкес жүрісі.
- Поршень жүрісі - поршеньді қозғауыштың цилиндрінің ішіндегі поршеньнің жоғарғы шекті нүктесінен төменгі шекті нүктесіне дейін, немесе керісінше жүріп өткендегі жолы.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:
Машинажасау.
— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.