![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Ventricular_fibrillation.png/640px-Ventricular_fibrillation.png&w=640&q=50)
Жүрек аритмиялары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жүрек аритмиялары деп жүректің қалыпты ырғағының бұзылуын айтады. Көптеген жүрек-қантамырларының аурулары жүректің қалыпты ырғағының бұзылыстарымен қабаттасады. Әсіресе бұл бұзылыстар коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінде, миокард инфарктісінде жиі кездеседі. Жүрек аритмиялары адамның кенеттен өлуінің себептері болуы мүмкін.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Ventricular_fibrillation.png/640px-Ventricular_fibrillation.png)
Әдетте жүрек ырғағының бұзылыстары жүректің автоматизмдік, қозу және өткізгіштік қасиеттерінің бұзылыстарынан дамиды.[1]
- "Патофизиология" Әділман Нұрмахамбетұлы 2000 ISBN 9965-465-08-8